USD
USD
USD

Мұхтар Тайжан саяси партия құратынын мәлімдеді

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан саяси партия құратынын мәлімдеді.

Мұхтар Тайжан саяси партия құратынын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Достар, ағайын! Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырту үшін бүгінгі билік - яғни бүгінгі залында отырғандардың - Мәжіліс, Сенат және үкімет 80-90% сөзсіз ауысу керек”, – деді ол Facebook парақшасында. 

Тайжанның айтуынша, ел мен ұлт жанашырлары жаңа партия құрып, келесі сайлауда Нұротан-Аманат партиясын адал жарыста жеңе отырып билікке келуі қажет. 

“Біздің жаңа саяси партиямыздың атауы ЖЕР ҚОРҒАНЫ болсын. Жер деген ұғым әр қазақ үшін қасиетті деп білем. Жерімізді қорғай алсақ ұрпақ үшін болашаққа жол ашамыз деген сөз. Менің жанжақты ұстанымдарымды, пікірлерімді жақсы білесіздер деп ойлаймын”, – дейді ол. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон