USD
USD
USD

Мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі

 I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі.

Мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлім етті. 

 «Негізгі тұжырымдамалық жаңалықтарға тоқталсақ, құжатта себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрін енгізу қаралған. Қазіргі уақытта I топтағы 66 мың мүмкіндігі шектеулі жанның арасынан әрбір үшіншісі күтімі бойынша жәрдемақымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтылмаған. Яғни басқа адамның көмегіне зәру, өз бетімен жүріп-тұра алмайтын мүгедек жандар», - деді С. Шәпкенов. Осы орайда заң жобасын қабылдау нәтижесінде, сыртқы қамқорлыққа мұқтаж 24 мың адам қосымша күтім бойынша жәрдемақымен қамтылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

баланың аяғы

Елдос Сметов ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов