6 Маусым 12:52

Митингке қатысушылар бүкіл қалаға инфекция таратуы мүмкін

Фото:

 Митингке шығатындар барлық қала тұрғынына коронавирус жұқтыруы мүмкін. Өйткені жиынға әртүрлі ауданда тұратындар қатысады.

Алматы, NEGE. Ал бұл инфекцияның тез таралуына әкеледі. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева осылай деп мәлімдеді. Вирус қайта өршісе, карантин күшейтіледі. Салдарынан көптеген нысан қайта жабылады. Ал адамдар үйден шыға алмайды. Қала бойынша блок-бекеттер қойылып, қоғамдық тәртіпті бақылау күйшейтіледі. Сондықтан мамандар тұрғындарды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырады.

"Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін бұқаралық және ұжымдық іс-шаралардың жаппай митингке шығуға жол бермейтінін айтқым келеді. Барлық азаматты, қаламыздың қонақтарын адам көп жиналатын жерлерге бармауға, қалада бекітілген карантин режимін сақтауға, коронавирус пандемиясы кезінде өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеуге шақырамын" деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. 

Тегтер: