18 Мамыр 14:21

Министрлік коронавирус құрбандары туралы қате ақпарат таратқан

Фото:

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда пандемия басталғалы бері COVID-19-дан 6 495 адам қайтыс болғанын растады. Алайда осы уақытқа дейін денсаулық сақтау министрлігі мәліметінде төмендетілген сандар көрсетілген.

Алматы, NEGE.  Ведомство мәліметі бойынша, 2020 жылғы коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистика кейінірек тіркелген жағдайларды ескере отырып түзетілген.

"Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Ұлттық статистика бюросы мен Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы қорытынды бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны - 4 729 адам. Биыл ДСМ жедел деректері бойынша өлім-жітімді талдау қайтыс болғандар саны 2 123 адам екенін көрсетті", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Осылайша ведомство Қазақстанда пандемия басталғалы бері коронавирустан 6 495 адам қайтыс болғанын растады.

Алайда Денсаулық сақтау министрлігі қате ақпарат көрсетілген мәліметтерді таратуды жалғастырып жатыр.

Тегтер: