USD
USD
USD

Министр: Ресейден келген мұғалімдер биыл қазақстандық мектептерге жұмысқа тұра алмайды

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өз балаларын Қазақстанда оқытқысы келетін, сондай-ақ республика мектептерінде сабақ бергісі келетін Ресей азаматтарының сұранысы туралы айтты.

Министр: Ресейден келген мұғалімдер биыл қазақстандық мектептерге жұмысқа тұра алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол ресейліктердің уақытша көші-қоны қазақстандық мектептерге қосымша ауыртпалық әкелмейтінін мәлімдеді. «Оқуға құлшыныс білдіргендер саны соншалықты көп емес. Ондай деректер тіркелмеді. Біз ақпаратты жинап, жағдайды бақылап отырғанымызды жасырмаймын. Біз мұндай дүрбелеңнің мүлдем жоқ екенін көріп отырмыз», – деді Аймағамбетов Amanat партиясының съезінде.

Ол Ресейден келушілер арасында балалары бар отбасылар көп емес екенін айтты. Негізінен, келгендер – әскерге шақыртылған жастағы ер адамдар. Сондай-ақ министр қазақстандық мектептерде жұмыс істегісі келетін Ресей азаматтары тарапынан үлкен сұраныс жоқ екенін айтты.

Аймағамбетов Қазақстанда педагогтарға қойылатын білім беру стандарттары мен талаптары басқа екенін түсіндірді. Сондықтан отандық мұғалімдер ресейлік әріптестері тарапынан бәсекелестіктен қорықпауы керек. Сонымен қатар оқу жылы басталып, барлық мектептер маманмен қамтылған. 

Бұған дейін ІІМ басшысы 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға 200 мың Ресей азаматы кіргенін, 147 мың адам кеткенін, 70 мыңнан астам ресейліктер ЖСН алғанын хабарлаған болатын.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Ит

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қылмыстық топ

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен