24 Қыркүйек 19:46

Мемлекеттік қызметкерлер коронавирусқа қарсы 100 пайыз екпе алды

Фото:

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер коронавирусқа қарсы 100 пайыз екпе алды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев айтты.

Алматы, NEGE. «Облыста жыл басынан бері коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 27 849 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 4 188 жағдайды құрайды. Бүгінде 22 350 адам дерттен жазылып шықты. Егер ауру динамикасына қарайтын болсақ, тамыз айынан бастап айтарлықтай төмендеу байқалады. Мәселен, шілде айында 6 192 жағдай тіркелсе, тамызда науқастар саны 3 828 адам болды. Сонымен қатар қыркүйекте тамыз айымен салыстырғанда төмен болады деп болжап отырмыз. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар қатаң карантиндік шектеу іс-шарасы қабылданды. Түнгі және ойын-сауық клубтардың, барлардың жұмысына, ойын-сауық, ұжымдық және отбасылық іс-шараларға тыйым салумен қатар келесі шектеулер қабылданды. Жабық ғимараттарда да, ашық ауада да әртүрлі жәрмеңкелер өткізуге тыйым салынды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, Ashyq жобасына қатысушыларға да демалыс күндері локдаун енгізілді.

Атап айтқанда, жабық базарлар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, фитнес орталықтары, сонымен қатар қоғамдық тамақтану нысандары қызметі тоқтатылды.

«Вакцинациялау басталғаннан бері 1-компонентпен 218 050 адам, 2-компонентпен 190469 адам егілді. Бүгінде медициналық қызметкерлер, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы 100 пайыз екпемен қамтылды», - деді Айдар Нұралиев.

Тегтер: