8 Қаңтар 15:54

Мемлекеттік қызметкерлер 713 рет бизнеске заңсыз араласқан

Фото:

Соңғы 2 жыл ішінде отандық кәсіпкерлердің бизнесіне мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудың 713 дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді. Оның айтуынша, осы мерзім ішінде мемлекеттік қызметкерлер 480 рет пара алғаны анықталған. Енді олар бюджетке шамамен 600 миллион теңге айппұл төлеуге міндетті. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін заңға бірқатар өзгеріс енгізуге тура келді. Мәселен, бұрын пара бергендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, қазір бұл мерзім 7 жылға дейін ұлғайтылды. Айыппұл көлемі де айтарлықтай өсті. 2018 жылдан бері ведомство мамандары 613 бизнес жобаға қолдау көрсетіп, мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз араласуына жол бермейді. Олжас Бектенов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары: – 713 факт тіркелген. Мемлекет басшысы да тиісті тапсырма берді. Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіліп, біз осы бағытта жұмысымызды күшейтеміз.

Тегтер: