27 Мамыр 15:40

Мемлекет басшысы мықты ғалымдар тапшы салаларды атады

Фото:

Бірлескен зерттеулер жүргізу үшін жетекші шетелдік ғалымдарды тарту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Алматы, NEGE. «Проблемалы мәселелердің бірі зерттеулер үшін құрал-жадбықтардың жеткіліксіздігі болып отыр. Осы жылы менің тапсыраммен институттарды материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жаңа бағдарлама ашылды. Алайда ол толық қаржыландырылмай отыр. Бұл проблеманы шешу қажет. Бүгінде әлеуметтік, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша мықты ғалымдардың өте тапшы екендігі байқалады. Оны бірлескен зерттеулер жүргізуге және докторанттар мен магистранттарға жетекшілік ету үшін жетекші шетелдік ғалымдарды тарту арқылы шешуге болады», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президентінің атап өтуінше, мұндай тәжірибе нақты әрі қомақты нәтиже әкелуі тиіс. «ІРі отандық кәсіпорындардың, компаниялардың технологиялық алаңдарын ЖОО-лармен және зерттеу институттарымен байланыстыру да маңызды. Үкіметтен және сарапшылардан тиісті ұсыныс әзірлеуді өтінемін. Қазақстан ғылымының цифрлық эконижүйесін қалыптастыру, ұлттық ғылыми-сараптамалық жүйені, отандық ғалымдар базасымен қазақстандық ғылыми цитата келтірудің индексін құру да маңызды. Мемлекеттік әкімшілеу тиімділігін арттыру үшін салааралық үйлестіруді қамтамасыз ететін орган ретінде Білім және ғылым министрлігін айқындау қажет. Бұл шаралар Парламент қабырғасында қаралып жатқан ғылым туралы заңнамаға өзгерістер топтамасында көзделуі тиіс», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: