Мемлекет басшысы Марат Құсайыновты қызметінен босатты

05 қараша, 20:29
Мемлекет басшысы Марат Құсайыновты қызметінен босатты
Фото: google.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Марат Құсайыновты қызметінен босатты, – деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне Талғат Қойбақов тағайындалды», – делінген хабарламада.