USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Марат Ахметжановты қабылдады

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Марат Ахметжановты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 8 айда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындысы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жетекшісі Президентке Мемлекет басшысы Жолдауының және тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.

Марат Ахметжанов агроөнеркәсіп секторындағы субсидиялауға қатысты кешенді талдаудың алдын ала қорытындылары және нақты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу нәтижелері туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдын алу шараларын белсенді жүргізе отырып, жиі кездесетін және тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру жұмыстары жөнінде айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Ахметжановқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана

Ресейдің Бас прокуратурасы FIDE басшысы Тимур Турлов пен Freedom Holding атына сотқа талап-арыз түсірді

Тимур Турлов