Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

16 маусым, 19:19
Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Фото: google.com

Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады.

Алматы, NEGE. Президентке денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өңірлерді дамыту, инновация және ғылым, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ұлттық жобалардың әзірлену барысы туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалар қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ететін нақты көрсеткіштері бар өзгерістердің тиімді құралына айналуы тиіс екенін атап өтті. Кездесу барысында келесі айда өткізуге жоспарланып отырған Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысының күн тәртібі қарастырылды.

Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қазіргі қызметі, сондай-ақ, қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту, портфельді және тікелей инвестиция тарту жұмыстары жөнінде баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке бірқатар нақты тапсырма берді.