12 Мамыр 11:44

Мемлекет басшысы Алматыға келді

Фото:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді» деп жазды Б.Уәли.

Тегтер: