17 Қараша 13:55

Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өте ме?

Фото:

Мектептерде мерекелік шаралар өтпейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.

Алматы, NEGE. «Мектепке барып оқып жүрген оқушылар үшін мектепте жаңажылдық мерекелік шаралар өтпейді», - дейді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ, ол 1 және 16 желтоқсандағы мереке күндері қосымша карантиндік шектеулер болатын-болмайтынын айтты.

«Қосымша шектеу шаралары соңғы екі аптада ауырғандар санының өсуіне байланысты қабылданды. Осы уақыттағы біздің мақсат – карантин талаптарын орындау. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әзірге қосымша карантин шаралары қабылданбайды. Мұндай шаралар әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Ал жағдайдың қалай болатыны біздің әрқайсысымызға байланысты», - дейді ол.

Тегтер: