10 Мамыр 15:33

Мектеп оқушысы бесінші қабаттан құлап кетті

Фото:

Оралда мектеп оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап түсті, – деп хабарлайды Mgorod.kz.

Алматы, NEGE. Оқиға 9 мамырда сағат 04.20-да Строитель шағын ауданындағы 9 қабатты үйде болған. БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 2004 жылғы мектеп оқушысы бесінші қабаттан құлап түскен. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушы қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, іші, кеудесі жарақаттанып, қабырғасы сынған.

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жәбірленуші мас болған. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды.

Тегтер: