14 Мамыр 09:56

Медициналық жүк тиелген ұшақ Алматыдан Делиге ұшты

Фото:

Медициналық жүк тиелген ұшақ Алматыдан Үндістанның Дели қаласына ұшты.

Алматы, NEGE. Алғашқы рейспен 6 миллион медициналық бетперде, 400 мың респиратор, 50 мың арнайы киім бар. Жүктің жалпы салмағы 20 тонна. Гуманитарлық көмек түн ауа жетеді. Ал, ертең екінші рейспен өкпеге жасанды дем беруге арналған отандық 105 құрылғы жіберіледі. Қазір Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың саны 23 миллионнан асқан.

ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігі басшысының орынбасары Руслан Қараболов: "Үндістан өткен жылы елімізге бірнеше рет гуманитарлық көмек көрсетті. Енді Үндістандағы аурудың күрт күшеюіне байланысты 4 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министріне жолдау жасап, гуманитарлық көмек ұсынған болатын", - деді.

Тегтер: