15 Мамыр 17:17

Маска тағу режимін қатаң сақтау керек

Фото:
 Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елорда тұрғындарын маска тағу режимін сақтауға шақырды. 

 

 Алматы, NEGE. «Төтенше жағдай режимі тоқтаса да, қалада карантиндік шаралар сақталып отыр. Карантиндік шараларды алып тастау кезеңдері қалада әр жеті күн сайын ауруға шалдығудың азаюына қарай айқындалады. Карантинді алып тастаудың нақты датасын қала тұрғындары өздері анықтайтынын атап өткен жөн. Осы орайда шаһар тұрғындары негізгі базалық талаптарды ұстануы керек, яғни инфекцияның таралуына тосқауыл болатын ережелерді қатаң сақтау қажет», - деді С. Қисықова онлайн баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, кейбір елдерде инфекция ошақтары қайтадан шығуда. Осының салдарынан қайтадан карантин режимін күшейту шаралары жүріп жатыр. «Вирус адамнан адамға қалай жұғатынын тағы де еске салып өткім келеді. Егер ара қашықтық екі метрден аз болса, адам түшкірсе немесе жөтелсе, сондай-ақ адамның қолы көзге, ауызға және мұрынға тиіп кетсе, инфекция таралады. Сондықтан қатаң түрде маска тағу режимін сақтау - ең сенімді қорғаныс», - деді Сәуле Қисықова. 

Тегтер: