26 Сәуір 17:47

Марқұмның өзге де дерттері болған көрінеді

Фото:

Алматы қаласында көз жұмған 97 жастағы науқастан коронавирус 25 сәуірде анықталған, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.

Алматы, NEGE. «Науқастың өліміне негізгі аурулары себеп болған. Атап айтқанда, ми қан айналымының жіті бұзылуы, сол жақты гемиплегия, ХИБС, ишемиялық кардиомиопатия, қарыншалық экстрасистолия, дизартрия, тыныс алу мен жүрек-қантамырдың жіті жеткіліксіздігі, сол жақты пневмония. Жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Жүргізілген ем шараларына қарамастан, науқастың жағдайы нашарлап, полиоргандық жеткіліксіздік белгілері байқалған. Таңғы 08:05-те тыныс алу мен жүрек қызметі тоқтаған. 30 минут бойы жүргізілген реанимациялық іс-шаралардың еш нәтиже бермеді. 26 сәуірде сағат 08:35-те биологиялық өлім тіркелді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қайтыс болған науқас ауру жұқтырғандармен контактіде болған адам ретінде провизорлық стационарда негізгі ауруларынан емделіп жатқан.

Тегтер: