24 Қыркүйек 19:21

Маңғыстауда шаңды дауыл тұрды

Фото:

Маңғыстаудағы Бейнеу ауданында шаңды дауыл тұрды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.

Алматы, NEGE. Бейнеу ауданы бойынша ауа райының күрт нашарлап, шаңды дауыл болуына байланысты түстен кейінгі ауысымда оқитын 8451 мектеп оқушы онлайн форматқа ауыстырылды.

«Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан аумағынан өтетін республикалық маңыздағы автожолдарда аудандық полиция бөлімінің экипаждары күшейтілген жұмыс режиміне кірісті», - делінген хабарламада.

Тегтер: