22 Желтоқсан 16:27

Маңғыстауда 200 жылқы суықтан қырылып қалды

Фото:

Маңғыстау облысында жайылымдағы жылқылар қақаған суыққа шыдамай, қырылып қалды, деп хабарлайды Atameken Business.

Алматы. NEGE. Аудандарда 200-ге жуық жылқының өлексесі табылды. Арнайы комиссия тобы шаруалармен кездесіп, шығын болған мал санын анықтауда. Олардың айтуынша, жылқылар өрісте қараусыз қалған. Биыл өңірде қуаңшылық болып, шөп жоқ. Оның үстіне бір айдан бері үскірік жел толассыз соғып, жерге мұз қатқан, ал қар қалың жатыр. Жануарлардың тұяғын мұз кесіп, үйелеп қалған. Мал иелерінің өздері төрт түлікті қысқа дайындап, жем-шөппен қамтамасыз етуі қажет еді дейді, мамандар.

Тегтер: