18 Маусым 16:28

Маңғыстау облысының тұрғыны несиесін жабу үшін жаңа туған сәбиін сатқан

Фото:

Маңғыстау облысында тұратын әйел жаңа туған сәбиін несие қарызын төлеу үшін сатып жіберген. 

Алматы, NEGE.  ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, Маңғыстау облысының полициясына бір әйел біреуден баласын ала алмай жүргеніне арызданған.

Ол өзінің баласын таныс емес келіншекке асырап алуы үшін берген. Ал ол "сатушының" 907 мың теңге көлеміндегі екі несиесін төлеп беруі керек болған, алайда оны өтемеген. Нәтижесінде сәбидің анасы баласын қайтарып алу үшін полицияға шағымданады. 

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы "Адам саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі тарапқа ешқайда кетпеу туралы қолхат жазылды", - делінген хабарламада. 

Тегтер: