25 Маусым 19:22

Маңғыстау облысында табылған арыстанға қатысты дерек шықты

Фото:

Бүгін, 2020 жылы 25 маусымында сағат таңғы 5:30 шамасында Кезекші пультіне Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр кентінде арыстанның емін-еркін жүргені туралы ақпарат келіп түскен.

Алматы, NEGE. Полиция департаменті мен Маңғыстау облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жыртқыш аңды ұстап, «Қошқар ата» аумағында бақылап отыр.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет фейсбук парақшасында жариялады. 

«Жасы шамамен бір-бір жарымда, Африка арыстандары түрлерінің бірі. Қолға үйретілгені байқалады, адамдардан мүлдем қорықпайды. Арыстанның бұл түрі CITES конвенциясының (жабайы фауна мен флораның жойылып бара жатқан түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция) тізіміне енгізілген. Табылған арыстан кішкентай марғау десек те болады, егер үлкен болса айналадағы адамдарға шабар еді», – дейді Сәкен Ділдахмет. 

 

Nege.kz тілшісі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке хабарласты. Ол арыстанның «иесі» әлі табылмағанын, бұл мәселемен полиция айналысып жатқанын, табылған жағдайда мән-жайды хабарлайтынын айтты.

Тегтер: