30 Қараша 14:51

Маңғыстау облысында мәдениет үйіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді

Фото:

ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің Қаулысымен Маңғыстау облысында екі нысанға қоғам қайраткерлерінің есімдері берілді.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Премьер-Министрдің Қаулысымен: - Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шоқыр Бөлтекұлының есімі берілді. - Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі» МКҚК болып қайта аталды.

Тегтер: