Маңғыстау облысында ірі қара мал қырылып жатыр

02 маусым, 15:18

Фото: zakon.kz

Маңғыстау облысында жердің құрғап кетуі мен қатты ыстықтан ірі қара мал қырылуына байланысты әулеметтік желіде ақпараттар тарап, адамдардың үрейін алуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Маңғыстау. NEGE. Аймақтың ауыл шаруашылығында күрделі жағдай қалыптасуда. Фермерлер жылқыларын жайылымға әкелу барысында жолда шамамен 10 жылқы өлді.

Жаңбыр болмағандықтан, шөп нашар шыққан, соның салдарынан мал азығы қымбаттауда. Шаруа қожалықтары аймақта төтенше жағдай жариялауды және сүт пен етке субсидия бөлсе деп сұрауда. Бұл жылда қайталанатын жағдай.

Ежелден жаз жайлау, қыс қыстауға еркін көшіп-қонып, кеңбайтақ даланы мыңғыраған малға толтырған қазақ халқы үшін атакәсібі - мал шаруашылығы күн көрудің көзі болып келді. Өмірдің өзгермес шындығы сол, қайда барса да қазаққа ет пен сүт керек.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Жаңбыршин "Жұмыс тобы құрылып, кездесулер қорытындысы бойынша арнайы ұсыныстар әзірленіп, үкіметке беріледі", деп атап көрсетті.

Ауыл шаруашылығы саласына қолдау жасаймыз деген кезекті ұмтылыс түпкілікті нәтиже бергенше тиянақты, жүйелі жүзеге асырылса екен, арты сұйылып, ақыры берекесіз бітетін шикі реформалар жойылуы керек.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации