26 Маусым 13:15

Маңғыстау облысында бірнеше нысанның жұмысы уақытша тоқтайды

Фото:

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысы бойынша алдағы демалыс күндері облыс аумағында карантин ережесіне қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

Алматы, NEGE. Алдағы демалыс күндері қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалау мен аквапарктердің жұмысы тоқтайды.

Барлық базарлар мен фитнес клубтар, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмысын тоқтатады (ондағы, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сататын дүкендер мен бөлімдері жұмысы тоқтатылмайды, жалғаса береді).

Бұл шектеулер 27,28 маусым күндеріне жасалып отыр. Талаптарды бұзған жағдайда заң бойынша шара қабылданады.

Тегтер: