8 Мамыр 15:45

Мақтаралда 1 млн текше метр су сорылды

Фото:

Бір тәулік ішінде Мақтарал ауданының су басқан елді мекендерінен 1 млн текше метрден астам су сорылған. Бұл туралы ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Барлығы Нұрлыжол, Ырысты,Жаңатұрмыс, Фердоуси, Өргебас және Жантақсай ауылдарында 3 млн м 3 су сорылып, 21 км уақытша бөгеттер салынды, 85 000 қап төселді, су бұру үшін 3 коллектор орнатылды», - деді ТЖ комитеті.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бағытталған, құрамында 37 қызметкер мен 34 бірлік техника, жүзу құралдары, мотопомпа бар қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылды.

«Тәулік бойы 1574 адам, 280 бірлік техника,15 жүзу құралы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы ТЖД 160 мотопомпасы, апаттар медицина орталығы, полиция департаменті, ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Өзбекстан Республикасы ТЖМ күштері мен құралдары жұмысын жалғастыруда, сондай-ақ ұйымдар мен еріктілер тартылды. Су басқан 5 елді мекеннің аумағында эвакуациялық іс - шаралар жалғасуда», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында 4 блок-бекет қойылды.Су басқан елді мекендердің тұрғындары Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Достық, Жеңіс көшелерінде тұратын туыстарында және 10 эвакуациялық пункттерде орналасқан. Қазіргі таңда эвакуациялық пункттерде 2 700-ден астам адам бар.

Тегтер: