19 Мамыр 12:46

Мақтааралға 200 волонтер қолғабыс етуде

Фото:

Мақтаралдағы топан су алған аумақтарды қалыпқа келтіруге 200 волонтёр көмекке келген, деп хабарлайды «Хабар 24». Олар жан-жақтан келген гуманитарлық көмекті үлестіріп, тұрғындардың жоғалған құжаттарын қалыпқа келтірумен айналысып жүр.

Алматы, NEGE. Көбі Шымкенттен келген. Өзге облыстардың да өкілдері бар. Ауданда аулалар мен саяжай аумақтарынан су сору жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Ауылдарда коронавирусқа қарсы дезинфекция жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр.  Төле би ауданына да 300 адам мен 38 техника жұмылдырылған. Айта кетейік, мұнда 30 үйді су басқан. Олардың барлығы жөнделеді. Шымкенттегі Елтай мөлтек ауданындағы үйлер де судан толықтай тазартылған. Қазір көшені тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер: