11 Мамыр 20:40

Мақтааралға 117 млн теңгеден астам қаражат түсті

Фото:
«Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаражат жинап жатыр. Бұл

туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Ол үшін арнайы есепшот ашылып, барлық БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде бүгінгі таңда қорға 117 млн теңгеден астам қаражат түскен. Бұл қаржы Мақтаарал ауданында тұрғын үй салу, егін мен мал шығынын өтеуге жұмсалады. Айта кетейік, қор өз жұмысын өткен жылғы Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша жүргізіп отыр. Сол кезде қор арқылы қалпына келтіру, құрылыс жұмыстарына және Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына қыруар қаражат жиналған болатын.

Тегтер: