6 Мамыр 10:24

Лавров Қазақстан туралы даулы мәлімдемелерге қатысты пікір білдірді

Фото:

Ресейлік саясаткерлер Қазақстанның аумақтық тұтастығы туралы арандатушылық мәлімдемелер жасай отырып өздеріне назар аударуға тырысып жатыр. 

Алматы, NEGE. Ресейдің Қазақстанға қатысты саясатын анықтайтындар мұндай сөзді ешқашан айтпаған, айтпайды да. Бұл туралы Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров мәлімдеді.

Бұл туралы Лавров Ресей саясаткерлерінің Қазақстанға қатысты даулы мәлімдемелеріне пікір білдіргенде айтты.

"Саясаткерлер өз карьерасын әртүрлі жолмен құрады. Сенсация іздейтін саясаткерлер бар. Өте даулы болып көрінетін сұрақтарды қозғаса, жұмсақ айтсам, оларды ұмытып кетпеуі үшін адамдардың назары ауады деп ойлайтын саясаткерлер де бар. Бізде қалай айтатынын білесіз бе: "Жақсы ма, жаман ба маңызды емес, ең бастысы - сен туралы газеттерде жазса болғаны". Мүмкін осыдан шығар. 

Бірақ Ресей Федерациясының Қазақстанға қатысты саясатын айқындайтын тұлғалардан ешқандай мәлімдемелер, біздің одақтастығымызды қалай дамытатынымыз туралы уағдаластықтардың кез келгеніне осы тұлғалардан қандай да бір күмән келтіретін ешқандай мәлімдемелер ешқашан айтылмады, айтылмайды да. Бұл келісімдер бір-біріміздің егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды, саяси тәуелсіздігімізді толық құрметтейтініміздің белгісі. Біз мемлекет басшылары келіскен және қол қойған, парламенттер мақұлдаған және заң саналатын, халықаралық құқықтың бөлігі болып табылатын құжаттар негізінде одақтастық қатынастарды дамытамыз", - деді Лавров.

Тегтер: