USD
USD
USD

Құрманғазы ауданында екі жүзден аса жұмыс орны ашылды

Биыл Құрманғазы ауданында 202 жұмыс орны ашылып, жергілікті жұмыссыздар қатарынан 107 адам еңбекке араласты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Құрманғазы ауданында екі жүзден аса жұмыс орны ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Атырау облыстық  коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев мәлімдеді. 

-    Биыл ауданда «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 190 жаңа жұмыс орнын ашып, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 95 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінде 202 жұмыс орны ашылып, жергілікті жұмыссыздар қатарынан 107 адам еңбекке тартылды, - деді Қайрат Нұртаев.
Бұдан бөлек, аудан әкімі қоғамдық жұмыс орындарына мыңнан аса құрманғазылықтың жұмысқа орналасқанын атап өтті.

-    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы үш бағыты бойынша жүргізіледі. Биыл ауданымызда аталған бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 60 адам кәсіптік оқуға жіберілді. Екінші бағыт бойынша 56 адамға кәсіп ашу үшін несие беріліп, 100 адамға грант тағайындалды. Ал үшінші бағыта 35 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылып, 128 жас жастар тәжірбиесіне жолданды. Сонымен қатар, 1 223 адам қоғамдық жұмыс орындарына жіберілді, - деді Құрманғазы ауданының әкімі.

Қазір оқып жатыр

Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

альпинист

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Ильяр Ювашев

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Алматы

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Колумбияда әскери ұшақ апат