2 Мамыр 15:48

Құрылысы ұзаққа созылған 20 үйге 8 мың үлескер қоныстанады

Фото:

 Биыл Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған 500 мың шаршы метр тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды  елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Алматы, NEGE. Бұл дегеніміз - 20 тұрғын үй кешені. 8 мыңға жуық үлескер пәтер иесі атанып, үй құжаттарын рәсімдей алады. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында «Жастар 4», «Арыстан», «Гарант» сияқты бірқатар үлестік құрылыс нысандарын аралады.

«Тұрғын үй кешенінде жұмыстар қайта басталды. Пәтерімізді жыл сайын күттік. Ал қазір құрылыс жұмыстарының жанданғанын өз көзімізбен көріп тұрмыз. Өткен жылдың күзімен салыстыратын болсақ, көп жұмыс атқарылды. Өзіміз үшін де, басқа да үлескерлер үшін де қуаныштымыз», - деп атап өтті тұрғын үй үлескерлері.  

Тегтер: