24 Қыркүйек 17:00

Құрылыс саласында маман тапшы

Фото:

Қазақстан құрылысшылар одағының отырысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы «Адал білім» жобалық кеңсесінің сарапшысы Лилия Испенбетова құрылысшылардың тапшылығы туралы мәлімет берді.

Алматы, NEGE. «Былтыр оқу бітірген 144 мың түлектің 8700-і құрылыс мамандықтарын меңгерген. Яғни, 100% - дың тек 6% - ын құрылыс саласының түлектері құрайды», - деді Лилия Испенбетова Қазақстан Құрылысшылар одағының отырысында.

Оның айтуынша, жыл сайын құрылыс саласының мамандарын жалдауға 450 млрд теңгеден астам ақша шығындалады.

«Ағымдағы қажеттілік 242 мың маманды құрайды. Жыл сайын маман жалдауға 468 млрд теңге жұмсалады. 2020 жылғы статистика бойынша әурлешілерге 1600 бос жұмыс орны болған. Ал жоғары оқу орындары 203 маман ғана даярлап шығарған. Сонда 1384 бос орынға 353 кәсіби маман шығарылған. Сол сияқты бетоншылардың 2615 бос орынға тек 15 адам келеді», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, Лилия Испенбетова еңбек нарығында құрылыс саласының 277 мамандығы бойынша адам жетіспейді.

Тегтер: