USD
USD
USD

ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев АҚШ елшісімен кездесті

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев АҚШ-тың Қазақстандағы өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті, – деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев АҚШ елшісімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараптар мамандарды даярлау саласындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Жаңа қауіп-қатерлерге, интернет-алаяқтыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ведомство басшысы америкалық тарапқа ішкі істер органдарын реформалау саласында қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде пенитенциарлық жүйені жаңғырту туралы айтып берді.

Уильям Мозер Қазақстан ІІМ-нің адам саудасына қарсы күрес және адам құқықтарын сақтау саласындағы оң жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы үкіметаралық меморандумды іске асырудың қорытындыларын шығарды. Кездесуде меморандумның қосымша хаттамасына қол қойылды, онда киберқылмыспен, есірткі бизнесімен және алаяқтықпен күрес саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту көзделген. Кездесу соңында тараптар қылмысқа қарсы күрес саласындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.

 

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме