19 Маусым 18:32

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Фото:

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Алматы, NEGE. Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "журналист" мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Geneva Business School-де (Швейцария) MBA бағдарламасын оқыған.

Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан" АА" ЖШС тілшісі болып бастаған.

2001 жылдан 2007 жылға дейін "Қазақтелеком" АҚ құрылымында басшылық лауазымдарда еңбек еткен.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары — "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары.

2016 жылы — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2016-2017 жылдары — "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма төрағасы.

2019 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Тегтер: