19 Маусым 17:06

Қостанай облысында балабақша тәрбиешілері коронавирус жұқтырды

Фото:

Қостанай қаласында коронавирустық инфекция №69 балабақша педагогтарынан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Ақпаратты Қостанай облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Балабақша педагогтары COVID-19 вирусының симптомсыз тасымалдаушылары саналады. Қазір мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Педагогтармен жақын байланыста болғандар Қостанай қаласының емханаларында бақылауға алынады және тексеріледі», - делінген департамент хабарламасында.

Тегтер: