20 Мамыр 18:46

Қосшыда бір-бірімен туыс 15 адам коронавирус жұқтырған

Фото:
Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қосшыда ағайынды 15 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлады ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.


Алматы, NEGE. «Қосшыда соңғы күндері 15 жағдай тіркелді. Бұл тағы бір айқын мысал. Не істемеу керектігінің. Бұл 15 жағдай екі ауру ошағында тіркелді. Олардың барлығы бір-біріне туыс болып келеді», - деді Есмағамбетова сәрсенбідегі ОКҚ-де.
Ол туыстардың сегізінің туған күнде болғанын және олардың барлығы ауру жұқтырғанын айтты.

Тегтер: