30 Мамыр 10:35

Көрші елдерге автобус қашан жүреді?

Фото:

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көрші елдерге автобуспен жолаушы тасымалдау қашан жанданатынын мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолиямен халықаралық бағыттарды жаңғырту туралы шешім бұл елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қабылданады», делінген хабарламада. Министрліктің мәліметінше, елімізде қаларалық автобустар 5 маусымнан бастап қатынайды. Еске сала кетсек, 17 наурызда Қытай, Өзбекстан және Моңғолияға жолаушы тасымалдайтын автобустар тоқтады.

Тегтер: