28 Желтоқсан 18:29

Короновирусқа қарсы вакциналардың бағасы қанша?

Фото:

Қазақстандық және ресейлік вакциналардың бағасы қанша болады? Бұл сұрақ Орталық коммуникациялар алаңында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне қойылды.

Алматы, NEGE. «Ресейлік әріптестердің ақпараты бойынша, әлемде және РФ-да «Спутник V» вакцинасының, яғни қоскомпонентті вакцинаның бір дозасының құны – 20 АҚШ доллары», – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Журналистер сондай-ақ коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның бағасы жөнінде сұрақ қойды.

«Қазір зерттеу жүріп жатқандықтан, біз бұл сұрақтың жауабын сол вакцинаны әзірлеп жатқан мамандардан келесі жылдың қаңтар немесе ақпан айында аламыз. Бұл сұрақтың толыққанды жауабын Білім және ғылым министрлігі бере алады», – деді Марат Шоранов.

Айта кетерлігі, Қазақстан қазіргі уақытта «Спутник V» вакцинасын тіркеу мәселесін қарап жатыр. Вакцина 2020 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 21 қаңтарға дейін Н.Ф. Гамалей атындағы ЭМҒЗИ-да сапаны бақылау процесінен өтеді.

Тексеру сәтті өткен жағдайда 2021 жылғы 26 қаңтардан 11 ақпанға дейін препаратты Қазақстан Республикасында тіркеу жоспарланып отыр.

Тегтер: