28 Қаңтар 18:47

Короновирус қауіпіне тағы алты қазақстандық ілікті

Фото:

«Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ақмола облысында тұратын көп балалы отбасы Қытайға барып келгеннен кейін жедел респираторлы вирустық инфекцияның белгілері байқалғандықтан ауруханаға жатқызылғаны туралы айтты», – деп жазады NUR.KZ порталы.

Алматы, NEGE. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгін таңертеңнен бері елімізде Қытайдан келген төрт адамнан ЖРВИ белгілері байқалғандықтан, ауруханаға жатқызылған. Қазір олардың екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне босатылған.

Соңғы мәлімет бойынша тағы бірнеше қазақстандықтың ауруханаға жатқызылғаны белгілі болып отыр.

Бүгін бір отбасы түгелдей (барлығы бес адам) бақылауға алынды. Олар Ақмола облысының тұрғындары, үш баласы бар отбасы, ата-аналарында инфекцияның белгісі болмаған, алайда, балаларының қызуы көтеріліп тұрған. Сондай-ақ, Алматы қаласының бір тұрғыны ауруханаға түсті.

Бұған дейін Қытайдан ұшып келген бойжеткен қыздың ауруханаға жатқызылғаны жөнінде хабарланған. Әзірге ол қыздан алынған сынама нәтижесі белгілі болмады.

Тегтер: