11 Желтоқсан 17:39

Коронавирусқа шалдығуға бейім қан тобы анықталды

Фото:

Қытайлық мамандардың зерттеу нәтижелері бойынша коронавирус инфекциясына II қан тобы бар адамдар көп шалдығуда, деп хабарлайды ATPress.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық қан орталығының басшысы Жәңгірхан Бахонов толық ақпарат берді.

- Қытайлық мамандардың зерттеуінше, II қан тобы бар адамдар ең осал және басқа қан топтармен салыстырғанда covid-19 жұғу қаупі жоғары. Алайда, бұл мәлімдеменің нақты дәлелі жоқ. Бір қан тобы вируспен күресуге қарсы тұрады, ал екіншісі жоқ деп сеніммен айта алмаймыз. Кез-келген адам жеке қорғаныс құралдарын пайдалануда мұқият болмаса, қан түріне қарамастан, вирусты жұқтыру ықтималдығы бар, - деді Жәңгірхан Бахонов.

Тегтер: