20 Желтоқсан 19:29

Коронавирусқа қарсы дәрілер арзандайды

Фото:

Елімізде коронавирусқа қарсы дәрілердің бағасы төмендеуі мүмкін. Бұл үшін ведомствоаралық комиссия коронавирустың таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдады, – деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 2021 жылдың қаңтар-ақпан аралығында ЖРВИ мен тұмаудың өсуі аясында коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейінің арту қаупі бар.

Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады:

  1. 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады;
  2. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін «Теңіз» кен орнында шектеу шаралары күшейтіледі;
  3. Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24 пайызға төмендету бойынша шаралар қабылдау.
Тегтер: