6 Желтоқсан 16:32

Коронавирус жұқтырған балалар саны артып жатыр

Фото:

Елімізде коронавирус жұқтырған балалар саны артып келеді 

Алматы, NEGE. 6 желтоқсан күнгі мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 014 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 575 науқас жатыр. 10 439 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. «Жалпы науқастардың арасында 230 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 37 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында. Айта кетейік, 5 желтоқсан күні коронавирустан ем қабылдап жатқан балалардың саны 979 болатын. Өткен бір тәулікте қауіпті індет 773 адамнан тіркелді. Жазылып шықты 759 науқас. Коронавирустық пневмония 193 адамнан анықталды.

Тегтер: