1 Мамыр 16:05

Коронавирус Алматыда белең алып барады

Фото:

Алматы бір тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі бойынша антирекорд орнатты: 30-сәуір мен 1-мамыр арасында қалада 196 адамнан COVID-19 табылған. Coronavirus2020.kz порталының мәліметі бойынша, Алматыда 1 мамырда 89 адамнан вирус анықталған. 

Алматы, NEGE. 30 сәуірде сағат 13:20-дан бастап 107 адамның коронавирус сынамасы оң нәтиже көрсеткен. 

Одан бөлек, 30 сәуірде 9:40-та жеті адамнан COVID-19 табылғаны хабарланған. Айта кетейік, Алматы коронавирус жұқтыру дерегі бойынша Қазақстанда бірінші орында тұр - аймақта 1140 адамнан вирус табылған. 

Одан бөлек, мегаполисте 117 науқас жазылып, сегіз адам қайтыс болған. Коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша да Алматы көш бастап тұр.  

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3551-ге жетті. 

Тегтер: