15 Маусым 17:16

Қорғаныс министрі де оқшауланды

Фото:

Дәл қазір Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жұмыста болса да, қарамағындағы қызметкерлерге тапсырманы тек телефон, бейне конференция арқылы беріп отыр.

Алматы, NEGE. Себебі, ол Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде өтетін мерекелік шараға қатысады. Министр Нұрлан Ермекбаев сол үшін алдын ала, яғни, 11 маусымнан оқшаулануға тиіс болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқшаулану шарасы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шетелге сапар алдында дәрігерлердің нұсқауымен қабылданып отыр. Министрді салтанатты шараға ресейлік әріптесі, армия генералы Сергей Шойгу арнайы шақырған.

 Оқшауланудың аяқталатын уақыты Мәскеуге барып келгеннен кейін белгілі болдады.

Тегтер: