19 Ақпан 14:23

Қордайда қарт кісіні ұрған күдіктілер қамауға алынды

Фото:

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бүлік кезінде қарт кісіні ұрған күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі Марат Қожаев.

Алматы, NEGE. «Бүлікті бастаушылар, полиция қызметкерлеріне бағынбағандар бойынша – бірнешеуінің кім екені анықталды, олар ұсталып, қамауға алынды. Бүліктің басталуына себеп болған тағы бір жағдай - қарт кісіні ұру – ол бойынша да кінәлілер анықталды, ұсталды, қамауға алынды», - деді Қожаев мәжіліс кулуарында.

Ол нақтылағандай, басқа да арандатушылар мен азғырушылар бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде, келтірілген дәлелдер нақтыланып жатыр.

Еске салсақ, 7 ақпанда кешкісін Жамбыл облысының полицейлері Сортөбе ауылында ауылдықтар полиция көлігіне тас лақтырғанын, кейін Масаншы ауылында жаппай төбелес орын алғаны туралы хабар таратқан еді, ол туралы тергеу амалдары басталды.

Өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі жанжалдың тоқтатылғандығын және жағдайдың бақылауда екенін растады.

Тегтер: