29 Сәуір 19:49

Қорадан жылқы ұрлаған ұры ұсталды

Фото:

Қызылордалық полицейлер жылқы ұрлаған қаскөйді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 23 сәуір күні Жалағаш аудандық полиция бөліміне Аққұм ауылының тұрғынынан қорасында тұрған бір жылқысының ұрланғандығы туралы шағым түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында ізін суытпай полиция қызметкерлері 38 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның басқа да мал ұрлығы дерегіне қатыстылығы тексерілуде. Ұрланған жылқы иесіне қайтарылды. Аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
 

Тегтер: