25 Қазан 10:54

Көпірден секірген қызды куәгерлер құтқарып қалды

Фото:

Куәгерлер Нұр-Сұлтандағы көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Астана ТЖД баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Оқиға 24 қазанда сағат 14.33-те болған. Нұр-Сұлтан ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары «Атырау» көпірінен жасөспірім суға секіргені туралы хабар келіп түскеннен кейін оқиға жедел жеткен. Осы уақытта екі куәгер баланың суға секіргенін байқап, артынан секірген.

«Құтқарушылар келген соң екі адам ес-түссіз жатқан жасөспірімді жағаға дейін жеткізуге тырысты, құтқарушылар баланы жедел-құтқару жасағының орталығына алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дереу алып кеткен. Бағымызға қарай, 2006 жылы туған қыз құтқарылды. Оқиға орнына полиция департаменті мен жасөспірімнің ата-анасы шақырылды», – деп хабарлады ТЖД.

  жасөспірімді құтқарған азаматтар туралы мәлімет білетіндерден Департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасына немесе 55-96-60, 8701-514-07-06 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Тегтер: