14 Желтоқсан 20:50

Колледж студенттері ауданның сайлауалды штаб мүшелерімен кездесті

Фото:

Бейнеу политехникалық колледжі ұжымы мен студенттері ауданның сайлауалды штаб мүшелерімен кездесуге қатысты.

Алматы, NEGE.  Аудандық штабтың мүшелері әрі аудандық мәслихат депутатына кандидаттар «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 5 жылдық бағдарламасын таныстырып, жастарды саяси белсенді болуға шақырды. Елбасының: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек» деген сөзін жеткізді.

Бүгінгі таңда жаңашыл ойлайтын, жігерлі, жалынды жастар қатары көбейіп келеді. Бұл жастар мемлекеттің болашағына үмітпен қарап, еліміздің дамуына, 30 елдің қатарына қосылуға білім мен іскерлігін көрсетуге аянбайды. Әр өңірде жастар мәслихатына қабылданып, тіпті облыстың басқармаларын тізгіндеп жатқан жастар қатары да артуда. Оған басты себепкер болған Елбасымыздың жастар саясаты бағытындағы бағдарламалары. Екінші бір мүмкіндік жастар ұйымдарының жұмыстары. Алдымен бұл қатарға Елбасымыз төраға болып табылатын «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатын айтуға болады.

Мұғалімдер мен студенттер спикерлердің баяндамаларын тыңдаған соң өздерін алаңдататын сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Көпшілікті білім саласына қатысты сұрақтар мазалайды екен. Олар: оқуға түсу, жалғастыру, грант мәселесі, білім саласын дамыту, жастарға мүмкіндіктерді ұлғайту. Аудандық мәслихат депутатына үміткерлер қатысушы жастарға, колледж ұжымына алғысын жеткізіп, «Жаңа жетістіктерге бірге жетейік! «Nur Otan»-ға дауыс беріңіздер» деді.

 

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Тегтер: