17 Желтоқсан 15:37

Көлікті безендірген такси жүргізушісі жазаланды

Фото:

Павлодарда көлікті безендірген такси жүргізушісіне айыппұл салынды.

Алматы, NEGE. Желі қолданушылары Instagram-да "Такси новогодняя елка" деген атаумен қаладағы таксопарктердің біріне тиесілі көліктің видеосын жүктеген.

Түрлі түсті жарықпен безендірілген көлік павлодарлықтарды бейжай қалдырмады. Алайда полиция заң бұзылғанын анықтаған.

«Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабыгың 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ол бойынша жүргізушіге 6 945 теңге көлемінде айыппұл салынды», – делінген Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Біз қызметкеріміздің көлігін безендірдік. Кешке балаларға көлікпен барып, оларды мерекемен құттықтап, Жаңа жылға орай тәттілерді сыйлыққа бермек болдық. Алайда полиция көлікті безендіру талапқа сай келмейтінін айтты. Біз оны білген жоқпыз. Бүгін жарықты алып тастадық», – деді Павлодардағы таксопарк қызметкері.

Тегтер: