5 Желтоқсан 19:27

Көлік жүргізген мас әйел куәлігінен айырылды

Фото:

Түн ішінде «102» нөміріне қала тіршілігіне бей-жай қарамайтын азаматтар хабарласып, мас күйдегі қыз түнгі бардан шығып, «Тойота» маркалы автокөліктің рөліне отырғанын айтқан, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 34 жастағы автокөлік жүргізушісін полицейлер Уәлиханов-Иманов көшелерінің қиылысында ұстады. Әйелдің әрекеті ақылға қонымсыз еді, ол полиция қызметкерлерін көріп, дауыстап жылай бастаған.

Бірақ автокөлік тізгіндеген әйелдің әрекеті полицейлердің аяушылық сезімін оята алмады. Олар медициналық куәландырудан өтуді ұсынған.

Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйде айдаған. Автожүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Әкімшілік соттың шешімімен, әйел 15 тәулікке қамауға алынды және 7 жылға көлік айдау құқынан айырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті автокөлік жүргізушілерінен көлікті ішімдікке және есірткіге мас күйде айдамауды сұрайды.

Тегтер: