27 Мамыр 10:24

Көлгінов шектеу шараларының қатаңдатылуы мүмкін екенін ескертті

Фото:

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов шектеу шараларының қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты. 

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Жарлығының (Төтенше жағдай режимі туралы) дер уақытында қабылдануының арқасында вирустың таралуына жол бермеу мәселесін бақылауға ала алдық. Және де қазіргі уақытта вирустың мұнан да көптеп таралуына жол бере алмаймыз. Бұрынғы қалыпты өмірімізге қайта оралуымыз біздің әрқайсымызға байланысты», - деді қала басшысы. Оның атап өтуінше, елорда тұрғындарының қауіпсіздік шараларын сақтамау фактілері әлі де болса кездесіп жатыр. «Біз жаңа жағдайда өмір сүруге үйренуіміз қажет. Сондықтан қауіпсіздік мақсатында құрылыс нысандарынан бастап адамдар көп жиналатын жерлерге мониторинг жасап отырамыз», - деді Алтай Көлгінов. 

Тегтер: